А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында қонақ -дәрістер ұйымдастырылды.
15.02.2023
ҚР Ғылым және жоғары білім Министрілгінің гранттық қаржыландырылған жобасы: ЖТН AP14871202 «Жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне олимпиадалық білім беруді енгізудің виртуалды форсайт-зертханасы» (2022-2024ж) аясында әзірлеуші ғалымдар зерттеу материалдарын тәжірибеге еңгізу мақсатында жоба жетекшісі PhD докторы, Қазақ спорт және туризм академиясының қауым.профессоры Дошыбеков А.Б. «Олимпиадалық спорт» тақырыбында және зерттеу тобының мүшесі п.ғ.д., Абай ат.ҚазҰПУ профессоры Абсатова М.А. «Инновациялық- цифрлық ортада білім беруді басқару» тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында студенттер келесідей цифрлық ресурстармен жұмыс жасады: kahoot, jamboard, Padlet,Google.Forms.
Дәріске 6В01303 - «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1,2 курс студенттері және профессорлық оқытушылық құрам қатысып, кездесу соңында аталмыш мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісті. Кездесу барысында зерттеуші ғалымдар жаңа, тың ақпаратпен бөлісіп, жоба аясында әзірлеген жұмыстарымен таныстырды.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қонақ -дәрістер ұйымдастырылды
16.02.2023ж.
ҚР Ғылым және жоғары білім Министрілгінің гранттық қаржыландырылған жобасы: ЖТН AP14871202 «Жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне олимпиадалық білім беруді енгізудің виртуалды форсайт-зертханасы» (2022-2024ж) аясында әзірлеуші ғалымдар Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттеріне қонақ дәрістер өткізді.
Зерттеу материалдарын тәжірибеге еңгізу мақсатында жоба жетекшісі PhD докторы, Қазақ спорт және туризм академиясының қауым.профессоры Дошыбеков А.Б. «Олимпиадалық спорт» тақырыбында және зерттеу тобының мүшесі п.ғ.д., Абай ат.ҚазҰПУ профессоры Абсатова М.А. «Инновациялық- цифрлық ортада білім беруді басқару» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріске «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1,2 курс студенттері және профессорлық оқытушылық құрам қатысып, кездесу соңында олимпиадалық білім беруді дамыту бойынша өз ойларымен бөлісті. Кездесу барысында зерттеуші ғалымдар жаңа, тың ақпаратпен бөлісіп, әзірлеген жұмыстарымен таныстырды.
Олимпиадалық білім беруді мектепке ендірудегі мұғалімдерді кәсіби қолдау Форсайт сессиясы өтті
25.02.2023
Жоба аясында Олимпиадалық білім беруді мектепке ендірудегі мұғалімдерді кәсіби қолдау Форсайт сессиясы өтті.
Форсайт сессия мақсаты: Олимпиадалық спорт, олимпизм, олимпиада құндылықтарын насихаттау және олимпиадалық білім беруді дамытуды бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді жолдарын қарастыру.
Кездесу барысында ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігінің гранттық қаржыландырылған жобасы: ЖТН AP14871202 «Жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне олимпиадалық білім беруді енгізудің виртуалды форсайт-зертханасы» (2022-2024ж) аясында әзірленген Web сайтымен Дошыбеков Айдын таныстыру ұйымдастырды.
Жоба әзірлеушісі: Абсатова Марфуга
Бейне материал: «Олимпиадалық білім беру» және «Инновациялық цифрлық ортада білім беруді басқару» курстарыны форсайт сессияларынан жұмыс сәттері
Салтанатты рәсімдеу кезеңінде «Олимпиадалық білім беруді мектеп жүйесіне ендіру жағдайында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру» тақырыбындағы біліктікті арттыру курсының куәліктері мұғалімдерге табысталды.
Қазақ спорт және туризм академиясы, Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры,п.ғ.к., доцент Нұрмұханбетова Динара Кенжеқызы
Олимпиадалық спорт факультетінің деканы Саутов Рахмет Тюлимбайұлы
«Олимпиада жолсерігі» 3 сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптерінің тұсаукесер рәсімін өткізді.
«Олимпиада жолсерігі» жұмыс дәптері мектепте оқыту үрдісінде ендірілді.
13.03.2023
Дене шынықтыру пәні бойынша 3 сынып оқушыларына арналған «Олимпиада жолсерігі» жұмыс дәптері мектепте оқыту үрдісінде ендірілді.
Алматы қаласы Әуезов ауданы №119 мектеп-лицейінің дене шынықтыру мұғалімі Керимбекова Айгерим Турдалықызы
3 Б сынып оқушыларына жұмыс дәптерін таныстырып, тапсырмаларды түсіндірді.
Жоба бойынша Беларуссияға ғылыми іс-сапар табысты аяқталды
13.03.2023
2023 жылғы 22-29 наурыз аралығында жоба жетекшісі А. Дошыбеков пен әзірлеуші М. Абсатова "Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті" ҚБ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларына қатысты:
- "Еуразиялық кеңістік: өңір елдерінің мәдениетаралық өзара іс-қимылы" (24 наурыз). Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі цифрлық ресурстар: "Олимпиадалық білім беру "курсының мысалында.
- "Бастауыш сынып мұғалімін даярлау: проблемалар мен перспективалар" (28 наурыз). "Бастауыш білім берудегі олимпиадалық білім берудің тәрбиелік әлеуеті"тақырыбы бойынша баяндама.
Конференцияның Ұйымдастыру комитеті ғалымдардың кәсібилігінің жоғары деңгейін атап өтіп, белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, сертификаттар табыс етті.
ҚазСТА мен Беларусь олимпиада академиясы өкілдерінің жемісті кездесуі өтті
31.03.2023
Ғылыми іссапар аясында ҚазСТА өкілдері Беларусь мемлекеттік дене шынықтыру университетінің базасында 2023 жылғы 27 наурызда Беларусь олимпиада академиясы ұйымдастырған "Беларусь Республикасының Білім беру жүйесіндегі олимпиадалық білім беру теориясы мен практикасы" семинар-кеңесіне қатысты.
Семинар-кеңес аясында Қазақ спорт және туризм академиясы мен Беларусь олимпиада академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Семинар соңында ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, БОАа Төралқасы төрағасының орынбасары Татьяна Анатольевна Морозевич-Шилюкпен кездесу өтті, онда Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының Білім беру ұйымдары арасындағы ғылыми қызмет бойынша бірлескен жұмыс мәселелері талқыланды.
«Олимпиада жолсерігі» жұмыс дәптерінің алғашқы нәтижелері.
5.04.2023
Алматы қаласы Әуезов ауданы №119 мектеп-лицейінің дене шынықтыру мұғалімі Керимбекова Айгерим Турдалықызы
3 Б сынып оқушыларының алғашқы жағымды нәтижелеріне қол жеткізді.
Дене шынықтыру сабағы барысында «Алматы қаласындағы олимпиада эмблемасының суретін» салу бойынша жаксы нәтижелер көруге болады.
Жоба әзірлеуші ғалымдар мен мектеп мұғалімдері бірлескен авторлықта конфренцияда баяндама жасады.
12.04.2023
Ғылым декадасы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2023 жылдың 12 сәуірінде «Білім берудегі инновациялар: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияға 14 қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының (Беларусь, Ресей, Индонезия, Өзбекстан) ғалымдары, сондай-ақ Қазақстанның 12 мектебінің (Мирас халықаралық мектебі, әл-Фараби ат.ҚазҰУ бейінді мектебі және т.б.) мұғалімдері қатысты.
Конференцияда секциялық отырыста
Дошыбеков А.Б. PhD докторы, ҚазСТА қауымд.профессоры, Алматы қ.
Касымбаев М.И. директор, М.Базарбаев атындағы №138 гимназия, Алматы қ.
Саурыков Е.К. мұғалім, Т. Айбергенов атындағы № 48 орта мектеп, Алматы обл. «ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЛИМПИАДАЛЫҚ БІЛІМІН ДАМЫТУДЫҢ КЕЙБІР МҮМКІНДІКТЕРІ»
атты тақырыпта баяндама жасады.
«Дене тәрбиесі және спорт» салаларындағы инновациялық үрдістердің даму жүйесі
12.04.2023
2023 жылғы 12 сәуірде Ғылым онкүндігі аясында Өнер, мәдениет және спорт институты онлайн/офлайн режимінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 95 жылдығына арналған «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық», «Дене тәрбиесі және спорт» салаларындағы инновациялық үрдістердің даму жүйесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция қазіргі таңдағы отандық және шетелдік «Әскери дайындық», «Дене тәрбиесі және спорт» салаларындағы негізгі мәселелері мен оның шешу жолдарына, инновациялық ғылыми зерттеу жұмыстарына, оқыту үрдісі мен пәнаралық байланыс жолдарының жаңа форматта жүргізілуіне арналды.
Секциялық отырыста Дошыбеков А.Б. PhD докторы, ҚазСТА қауымд.профессоры, Алматы қ.
Керимбекова А.Т. мұғалім, №119 мектеп-лицей, Алматы қ.
Кипшакова А.А. мұғалім, М. Базарбаев атындағы №138 гимназия, Алматы қ.
Жазылбеков А.К. мұғалім, Алмалыбақ ауылының мектебі
«ОЛИМПИАДАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ МЕКТЕП ЖҮЙЕСІНЕ ЕНДІРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАР» атты тақырыпта баяндама жасады.
Жоба әзірлеуші ғалымдар Беларусь Мемлекеттік медицина университетінде онлайн форматта конференцияға қатысты.
19.04.2023
Жоба әзірлеуші ғалымдар Беларусь Мемлекеттік медицина университетінде онлайн форматта конференцияға қатысты.
«Жастардың сауықтыру дене шынықтыру: өзекті мәселелер мен перспективалар» V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық мәжілісінде Дошыбеков А. және Абсатова М. «Форсайт зертханасы мектеп жұмысына олимпиадалық білім беруді енгізудің инновациялық технологиясы ретінде» тақырыпта баяндама жасап, сертификаттар алды.
Алматы облысының мектептебінде «Олимпиада жолсерігі» жұмыс дәптері апробациядан өтуде.
20.04.2023
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ орта мектеп гимназиясының 3”Ж” сыныбында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Өскенбай Өмірханұлы «Олимпиада жолсерігі» жұмыс дәптерін оқыту үрдісіне ендірді. Бастауыш сынып оқушылары олимпиада туралы білімдерін кеңейтіп, жұмыс дәптердегі шығармашылық тапсырмаларды шынайы белсенді көңіл күймен орындады.
«Олимпиада жолсерігі» жұмыс дәптері №138 мектеп гимназиядан апробациядан өтуде.
24.04.2023
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, М.Базарбаев атындағы №138 мектеп гимназия 3 Ә сыныбында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кипшакова Айшолпан Амриевна
«Олимпиада жолсерігі» жұмыс дәптерін оқыту үрдісінде ендірді.Оқушылар кері байланыста өздеріне жұмыс дәптерінен біршама тың әрі қызықты деректер алғанымен бөлісті.
Қазақ спорт және туризм академиясы мен Беларусь мемлекеттік дене шынықтыру университетінің ғылыми коллаборациясы
24.04.2023
Қазақ спорт және туризм академиясының ғалымдары онлайн форматта Беларусь мемлекеттік дене шынықтыру университеті мен Беларусь олимпиада академиясы ұйымдастырған «Мәдениетаралық өзара әрекеттесу жүйесіндегі олимпиадалық білім беру» атты Халықаралық ғылыми практикалық конфренцияға қатысты. Пленарлық мәжілісте Дошыбеков А. және Абсатова М. «Қазақстандағы олимпиадалық білім: форсайт зертханасын енгізу тәжірибесінен» тақырыпта баяндама жасап, сертификаттар алды.
Жоба жетекшісі Ақтөбе қаласында өткен «Дене мәдениетін және спортты дамытудың заманауи мәселелері» VІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
27.04.2023
Жоба жетекшісі Дошыбеков А. Ақтөбе қаласында өткен «Дене мәдениетін және спортты дамытудың заманауи мәселелері» VІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналда ғылыми мақала жарияланды.
03.05.2023
Жоба әзірлеушілер Абсатова М.және Дошыбеков А. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналда «БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МАМАНДАРЫН ОЛИМПИАДАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІНДЕ ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСТАРЛАРЫ» атты ғылыми мақала жариялады.
Қазақ спорт және туризм академиясында «Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация» атты IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
04.05.2023
2023 жылдың 4 мамыры куні Қазақ спорт және туризм академиясында «Ұлттық спорт түрлері және күрес» пен «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедраларының ұйымдастыруымен «Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация» тақырыбында IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияның пленарлық мәжілісінде серіктес жоғары оқу орындарынан жетекші ғалымдар дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзекті мәселелерді қамтыған жаңа ғылыми идеяларымен бөлісті. Пленарлық мәжілісте ҚазСТА, Күрес және ұлттық спорт түрлері кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Дошыбеков Айдын Бағдатұлы «Форсайт зертхана мектеп жұмысына олимпиадалық білім беруді еңдірудің инновациялық инструменті ретінде» тақырыпта баянадама жасады
«Олимпиада жолсерігі» жұмыс дәптері мектеп тәжірибесіне еңгізілуде.
10.05.2023
Алматы облысы, Іле ауданы, Екпінді ауылы, Т.Айбергенов атындағы №48 орта мектептің
мұғалімі Бекмурзаева Улбала Бердалықызы
3 Б сынып оқушыларымен «Олимпиада жолсерігі» жұмыс дәптерін игеруде. Дәптермен жұмыс жасау барысында балалар олимпиада туралы ақпаратқа аса үлкен қызығушылық танытты.
№119 мектеп-лицейінде оқушылардың дене дайындығы мен физикалық дамуының көрсеткіштерін бағалаудың 1 кезеңі өтті
20.05.23
Жобаның міндеттеріне сәйкес жоба жетекшісі Дошыбеков Айдын Алматы қаласы Әуезов ауданы №119 мектеп-лицейінің дене шынықтыру мұғалімдерімен бірлесе 3 Б сынып оқушыларының дене дайындығы мен физикалық дамуының көрсеткіштерін бағалау жұмыстарын ұйымдастырды.
Балалардың физикалық дамуының көрсеткіштері олардың спорт түріне икемді немесе қабілетті екенін жобалауға мүмкіндік береді.