Болжамдау
Жобалау
Форсайт сессия
Талдама
Олимпиада ойындарының
чемпиондары мен жүлдегерлері

Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері

1996 жылы

АҚШ-тың Атланта қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарында Василий Жиров (бокс), Александр Парыгин (бессайыс), Юрий Мельниченко (грек-рим күресі) алтын, Анатолий Храпатый (ауыр атлетика), Сергей Беляев (нысана көздеу), Болат Жұмаділов (бокс) күміс, Мәулен Мамыров (еркін күрес), Болат Ниязымбетов (бокс), Ермахан Ыбрайымов (бокс), Владимир Вохмянин (нысана көздеу) қола медаль алып, командалық есепте 196 елдің арасынан 24-ші орынға тұрақтады.

Барлық тізім

2000 жылы

Сиднейде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайымов (бокс), Ольга Шишигина (жеңіл атлетика) алтын, Болат Жұмаділов, Мұхтархан Дәлдібеков (бокс), Александр Винокуров (велоспорт), Ислам Байрамуков (еркін күрес) күміс медаль алып, командалық есепте 199 елдің ішінен 22-ші орын алды.

Барлық тізім

2004 жылы

Грекияда өткен жазғы Олимпиада ойындарында Бақтияр Артаев (бокс) алтын, Генадий Лалиев (еркін күрес), Георгий Цурцумиа (грек-рим күресі), Геннадий Головкин (бокс), Сергей Филимонов (ауыл атлетика) күміс, Серік Елеуов (бокс), Мкхитар Манукян (грек-рим күресі), Дмитрий Карпов (жеңіл атлетика) қола жүлдені иемденді. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 202 мемлекеттің арасынан 40-шы орынға табан тіреді.

Барлық тізім

2008 жылы

Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Бақыт Сәрсекбаев (бокс), Илья Ильин (ауыр атлетика) алтын, Ирина Некрасова (ауыр атлетика), Асқат Жіткеев (дзюдо), Алла Важенина (ауыр атлетика), Таймураз Тигиев (еркін күрес) күміс, Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика), Елена Шалыгина (еркін күрес), Марид Муталимов (еркін күрес), Еркебұлан Шыналиев (бокс), Арман Шылманов (таэквондо) қола жүлдені иемденді. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 204 мемлекеттің арасынан 29-шы орынға тұрақтады.

Барлық тізім

2012 жылы

Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындары Қазақстан үшін алдыңғы ойындарға қарағанда ең сәтті болды. Лондонда Қазақстан 7 алтын 1 күміс, 5 қола медаль алып, медаль саны бойынша жалпы есепте 204 ел арасында 12-ші орынға тұрақтады. Мұнда Серік Сәпиев (бокс), Илья Ильин (ауыр атлетика), Александр Винокуров (велоспорт), Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика), Майя Манеза (ауыр атлетика), Светлана Подобедова (ауыр атлетика), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) алтын, Әділбек Ниязымбетов (бокс) күміс, Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес), Гузель Манюрова (еркін күрес), Даниял Гаджиев (грек-рим күресі), Марина Вольнова (бокс), Иван Дычко (бокс) қола жүлдені иемденді.

Барлық тізім

2016 жылы

Рио-Де-Жанейро. Бразиялияда өткен жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан 104 атлетті аттандырды, олар спорттың 17 түрінен сайысқа түсті. Қазақстан бұл жолы 18 медаль, оның ішінде 3 алтын, 5 күміс, 10 қола ұтып алды және жалпыкомандалық бейресми есепте 22 –ші орыннан көрінді. Алғаш болып алтынға суда жүзуші Дмитрий Баландин қол жеткізсе, одан кейін ауыр атлет Ниджад Рахымов олимпиада чемпионы атанды. Былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов олимп шыңына шықты. Күміс жүлдені дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлетикадан Жәзира Жаппарқұл, әуесқой боксшылар Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, күрестен Гюзел Манюрова қанжығасына байлады. Қолаға қол жеткізгендердің қатарында қыздар арасында бәсекеге түскен дзюдошы Галбадрах Отконцэцэк, ауыр атлетикадан ерлер арасында Фархад Харки, Александр Зайчиков, әйелдер арасында Карина Горичева, жеңіл атлетикадан әйелдер арасында Ольга Рыпакова, еркін күрестен Эльмира Сыздыкова, Екатерина Ларионова, бокстан Иван Дычко, бокстан әйелдер арасында сынға түскен Дариға Шакимова болды.

Барлық тізім

2020 жылы

Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 8 қола медаль алып, 83 орынға тұрақтады. Ел қоржынына қола салғандар: дзюдадан Елдос Сметов, ауыр атлетикадан, Игорь Сон, әйелер арасында Зульфия Чиншанло, бокстан Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, еркін күрестен Нұрислам Санаев, каратэден Дархан Асаділов, каратэден әйелдер арасында Софья Берульцева.

Барлық тізім