Виртуалды форсайт
зертханасы
Олимпиадалық білім беруді жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне еңгізудің
виртуалды форсайт-зертханасы.
Мерзімі 2022-2024 жыл
Қысқаша сипаттама:
Жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне олимпиадалық білім беруді енгізудің виртуалды форсайт-зертханасын әзірлеу және эксперименттік сынақтан өткізу. Жоба шеңберінде мектеп пен ЖОО үшін ғылыми-қолданбалы бағдарламалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне олимпиадалық білім беруді енгізудің виртуалды форсайт-зертханасы әзірленеді және спорттың әртүрлі түрлері бойынша іріктелген балалардың дене дамуының, дене дайындығының, денсаулығының мониторингі жүргізіледі.
Жоба мақсаты
Жоба мақсаты: олимпиадалық білім беруді жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне енгізудің
виртуалды форсайт-зертханасын теориялық тұрғыдан негіздеу, әзірлеу және тәжірибелік сынақтан
өткізу.
Жобаның міндеттері
1
Мектеп пен ЖОО үшін ғылыми-қолданбалы бағдарламалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді (бағдарлама, элективті курс, электрондық дәптер), олимпиадалық білім беруді жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне енгізудің виртуалды форсайт-зертханасын әзірлеу.
2
Спорттың әр түрінен дарынды балаларды анықтау үшін психологиялық-педагогикалық және дене қабілеттерін анықтауға арналған диагностика жүргізу.
3
Алғаш рет онлайн режимде танымдық-сауықтыру іс-шаралары: мектеп оқушылары арасында "Олимпизм білгірлері" конкурсы; Алматы қаласы, Алматы облысы мектептерінде бірыңғай "Олимпиада күні" ұйымдастыру және өткізу
4
Спорттың әр түрлі түрлері бойынша дарынды балалардың дене бітімінің дамуына, дене даярлығына, денсаулығына мониторинг жүргізу.
5
Виртуалды форсайт-зертхана жұмысының нәтижелерін қоғамдық талқылау және оларды тарату ұйымдастыру.
Жоба нәтижелері:
1. Алғаш рет мектеп пен ЖОО үшін ғылыми-қолданбалы бағдарламалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету (бағдарлама, элективті курс, электрондық дәптер), олимпиадалық білім беруді жалпы білім беретін мектеп жұмысының жүйесіне енгізудің виртуалды форсайт-зертханасы әзірленетін болады:
- студенттер мен ДШжС мұғалімдеріне арналған «Олимпиадалық білім беру» атты онлайн және офлайн элективті курс;
- кіші мектеп жас оқушыларына арналған «Олимпиадалық жол көрсеткіш» электронды дәптері.
- «Балалар өміріндегі спорт» атты ата-аналарға арналған әдістемелік нұсқаулар,
- «Қазақстандағы олимпиадалық білім беру: теория мен әдістемесі» монографиясы
2. Спорттың әр түрінен дарынды балаларды анықтау үшін психологиялық-педагогикалық және дене қабілеттерін анықтауға арналған диагностика жүргізілді
3. Алғаш рет онлайн режимде танымдық-сауықтыру іс-шаралары: мектеп оқушылары арасында "Олимпизм білгірлері" конкурсы; Алматы қаласы, Алматы облысы мектептерінде бірыңғай "Олимпиада күні" ұйымдастырылады және өткізіледі
4. Спорттың әр түрлі түрлері бойынша дарынды балалардың дене бітімінің дамуына, дене даярлығына, денсаулығына мониторинг жүргізілетін болады.
5. Виртуалды форсайт-зертхана жұмысының нәтижелерін қоғамдық талқылау және оларды тарату ұйымдастырылады.
Бейне нұсқаулық
Зерттеушілер тобы
Дошыбеков Айдын
Жоба жетекшісі, PhD доктор,
қауымдастырылған профессор
h-2 (Scopus)
Абсатова Марфуга
Жоба әзірлеуші, жетекші ғылыми қызметкер
педагогика ғылымдарының докторы, профессор h-2 (Scopus)
h - 1 (Web of Science)
Копжанов Галымжан
Жоба әзірлеуші, ғылыми қызметкер,
педагогика ғылымдарының магистрі, докторант
Кулбаев Айбол
Жоба әзірлеуші, аға ғылыми қызметкер,
PhD доктор, Қауымдастырылған профессор
h-2 (Scopus)