7-сабақ

Олимпиада қозғалысының рәміздері (таңбасы және Ту)

Назад

Олимпиада таңбасы - көк, қара, қызыл, сары және жасыл түсті бес сақина.

Түрлі-түсті сақиналар - бұл біздің планетамыздың бес құрлығының достығын білдіреді. Сақиналардың байланысуы - Олимпиада ойындарында бүкіл әлем спортшыларының кездесуін білдіреді.

Олимпиада туы - ортасында олимпиада таңбасы орналасқан ақ мата. Ақ ту спортшылар арасындағы адал бәсекелестікті, достықты білдіреді.

1-тапсырма

Суреттердегі сөздерді бастырып жаз, сонда сен олимпиада таңбасы мен олимпиада туы қай суретте бейнеленгенін білесің.

Таңбасы

Ту

2-тапсырма

Олимпиада туын жасау үшін туға олимпиада таңбасын сал. Олимпиада таңбасын керек түстерге боя.

3-тапсырма

Олимпиада туындағы реттіліктерге сәйкес нөмірлерді сақиналардың астына қой. Алдымен сақиналардың жоғарғы қатары, содан кейін төменгі қатарын жаса.

4-тапсырма

Өз сыныбыңның туын ойлап тауып, суретін сал.