6-сабақ

Олимпиада жарғысы (хартиясы)

Назад

Олимпиада жарғысы - Олимпиада ойындарын өткізу ережелері жазылған негізгі құжат. Олимпиада жарғысынан сен мыналарды біле аласың:

1

Олимпиада ойындарын өткізу ережелері мен бағдарламасы;

2

Спортшылар олимпиада ойындарына қалай қатыса алады;

3

Олимпиада ойындарының ұйымдастырушысы кім;

4

Олимпиада ойындарында қандай мерекелік іс-шаралар бар;

5

Олимпиада қозғалысының құндылықтары - кемелдік, достық, құрмет.

1-тапсырма

Суреттегі сөздердің үстін бастырып жаз, сонда сен Олимпиада жарғысында не туралы айтылғанын білесің.

Жарыс

Салтанаттар

Спортшыларды іріктеу

2-тапсырма

Олимпиада жарғысы – олимпиада ойындарын ұйымдастыру және өткізу ережелері. Сенің сыныбың үшін қандай тәртіп ережелерін ойлап табуға болатынын жаз.

3-тапсырма

Суреттегі Олимпиада қозғалысының негізгі құжатын таңда.

Күнделік

Ертегілер

Олимпиада жарғысы