17-сабақ

Спортшыларды марапаттау салтанаты

Назад

Ең жылдам, ең мықты және епті спортшылар алтын, күміс және қола медальдарға ие болады. Марапатталу үшін спортшылар тұғырға көтеріледі. Тұғырдың ең биік сатысына жеңімпаз көтеріледі, оның оң жағында — 2-ші, сол жағында — 3-ші орын алған спортшылар орналасады. Диплом мен медаль табыс етілгеннен кейін жеңімпаз спортшының елінің әнұраны шырқалады

1-тапсырма

Суреттер астындағы сөздерді бастырып жаз, сонда сен марапаттау рәсімін өткізу үшін не қажет екенін білесің.

ОЛИМПИАДА МЕДАЛІ

СПОРТ ТҰҒЫРЫ

2-тапсырма

Суретшілер медальдарды әр олимпиада ойындарына арнайы жасайды. Өзіңнің ойыңнан алтын, күміс және қола медаліңнің суретін сал.

3-тапсырма

Спортшылар алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды. Оларды спорттық тұғырға дұрыс орналастыр.