15-сабақ

Олимпиада қағидаттары: кемелдікке ұмтылыс

Назад

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты

Ашылу салтанаты - Олимпиада ойындарының ең салтанатты шараларының бірі. Олимпиада стадионында олимпиада ойындарына қатысушы елдердің шеруі өтуі. Олимпиада туы көтеріліп, олимпиада әнұраны шырқалады. Олимпиада шырағының көмегімен олимпиада алауы жағылады. Елдің үздік спортшысы Олимпиада антын береді. Көрермендер әсерлі қойылымды тамашалайды.

1-тапсырма

Әріптерден сөздер жаса, сонда сен Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты неден тұратынын білесің.

У Р Е Ш
У Т
Н Ұ Ә А Р Н
Н Т А

2-тапсырма

Олимпиада ойындарының ашылу салтанытының дәстүрлерін бейнелейтін суреттердің астындағы жазуларды оқы.

Спортшылар шеруі

Спортшылардың ант беруі

Олимпиада алауын жағу

Олимпиада туы

Көрермендер мен қатысушыларға арналған қойылым

3-тапсырма

Әр мектепте оқушылар арасында спорттық жарыстар өтеді. Олар үшін ашылу салтанаты өткізіледі. Мектептегі жарыстардың ашылу салтанатында Олимпиада ойындарының ашылу салтанатының қандай дәстүрлерін көрдің? Сен тағы қандай дәстүрлерді қосар едің?_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________