ОЛИМПИАДА БОЙТҰМАРЫ
НазадОлимпиада бойтұмары-спорттық мерекенің көңіл-күйін қалыптастырады және спортшыларға сәттілік әкеледі. Олимпиада бойтұмарында өткізетін елдің ең танымал жануары немесе кейіпкері бейнеленеді.
1-тапсырма
Суреттердің астындағы сөздерді бастырып жаз, сонда сен әртүрлі Олимпиада ойындарының бойтұмарларының қалай аталғанын білесің.
Қонжық Миша
Аққала Шнееман
Мирайтова
2-тапсырма
Қазақстанда да түрлі спорттық жарыстар өтті, оған әлемнің әртүрлі елдерінен келген спортшылар қатысты. 2011 жылы VII қысқы Азиада ойынының бойтұмары не болғанын қара. Суреттердің астындағы сөздерді бастырып жаз, сонда сен олардың қалай аталғанын білесің.
Барыс
Сұңқар
3-тапсырма
Жарыстың бойтұмары олар өтетін елдің ерекшеліктерін көрсетеді. Барыс пен Сұңқар не себепті біздің елдің бойтұмары болды деп ойлайсың? Әңгімелеп бер.
4-тапсырма
Өз сыныбыңдағы оқушылар арасындағы жарыстардың бойтұмарын сал.