1-сабақ

Дене шынықтыру түсінігі

Назад

Дене шынықтыру - бұл адамның дене қабілеттерін және ақыл-ойын дамыту, қозғалыс белсенділіктерін жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қоршаған ортаға бейімделу мақсатында құрылған құндылықтар мен білімдердің жиынтығы болып табылатын қоғам мәдениетінің бөлігі.

1-тапсырма

Әріптерден сөздер жаса:

Е Н Д Е
Ш Ы У Қ Т Ы Н Ы Р

Дене шынықтыру түрлері ежелгі уақытта пайда болған. Адамдардың өмір сүру жағдайлары көбінесе өзін және отбасын жабайы жануарлардан қорғау қабілетімен, табиғи кедергілерден және олжа іздеуде ұзақ қашықтықтан өту қабілетімен анықталды.